ӘкімдікӘлеуметДенсаулықСпорт

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ!

Өткен айдың соңында Түркістан облысының Түлкібас ауданында волейболдан 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті.
Ақтөбе облысының волейболдан құрама командасы атынан Ойыл ауданының спортшылары Диас Амангелді мен Нұрислам Бисембин қатысып, Қазақстанның чемпионы атанды.
Жеңімпаз ағаларының дәстүрлі жолын жалғаған жеткіншектердің жаттықтырушысы Нұрлыжан Мұқашев және жеңімпаз спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Басқа жаңалықтар