Әлеумет
«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» акциясы
Республика көлемінде «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» акциясы аясында өткен аптада Ойыл ауданы ПБ басшылығымен және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы полиция қызметкерлері тарапынан, аудан тұрғындарына жолда қабылдау акциясы жұмыстары халықты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңдылығын, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігі аясындағы заңдылығын түсіндіру мақсатындағы жолда қабылдау тәртібі «Көкжар» көшесінің бойында өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсету әртүрлі салада өткізіліп, көші-қон қызметі заңдылығын сақтау негізімен, айыппұлдарды мемлекет пайдасына төлеу тәртібі, көлік құралын тіркеу, көлік құралын қайта жабдықтау, жеке куәлік, төлқұжат және жүргізуші куәлігін беру заңдылығы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұған дейін де әр айда екі рет өткізіліп жүрген акция аудан орталығынан қабылдауға 68 адам келді. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға полиция қызметкерлері толыққанды жауап берді. Қабылдау кезіндегі сауалдардың көбісі шетелден автокөліктерді әкелу мен оны заңдастыру жолдары туралы, шетелге қыдыруға шығуға қандай құжаттар қажеттігі және азаматтық аңшы қаруын сатып алу тәртібі жөнінде болды.
Бірінші сұрақ бойынша шетел автокөліктерін әкелуге ешқандай кедергі жоқ. Әкелген көлікті тұрғылықты мекен жай бойынша полиция бөліміне құжаттарын тіркейді. Немесе онлайн тіркеуіне де болады. Келесі сауал бойынша шетелге қыдыруға шығу үшін Еуразиялық экономикалық одаққа төлқұжат жасатудың қажеті жоқ. Соңғы сауал бойынша азаматтық аңшы қаруын сатып алу үшін бар болғаны азаматтық және қызметтік қаруының айналымын бақылау инспекторына келіп тиісті құжаттарын жинақтайды. Сонымен бірге ол адамның бұрын сотты болмауы тиіс.