Әлеумет
Ерлер — жердің қорғаны, елдің тұтқасы
Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.
Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Ер азамат елінің тыныш ұйқысы мен шынайы күлкісін сақтауды Отан алдындағы борышы санайды.
14 сәуір күні Ойыл ауданының жауапкершілігімен Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінінде, яғни облыстық әскери комиссариатта әскер қатарына қосылып жатқан облыс жастарын Ойыл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Сатыбалды Алпысбаев пен Ойыл аудандық ішкі саясатбөлімінің бас маманы Сағындық Ысқақов құтттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар жастарға Ойыл ауданының атынан қажетті сыйлықтар табысталды. Жастарды Отан қорғауға салтанатты түрде шығарып салуға ата-аналары мен бауырлары және достары келіп қолдау көрсетті.
Мейрамбек МУЗАМЕЛҰЛЫ,
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісі.