«Әділет» партиясы мүшелері Жолдаудағы адамикапиталды дамыту бағыттарын талқылады

«Әділет» партиясының өкілдері Сабыржан Мұхтаров, Жұлдыз Қожабекова және Адель Масалимова Ақтөбеоблыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының еңбек ұжымымен кездесті. БасқосудаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихикезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстанхалқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Әңгіме барысында адами капиталды дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру және өскелең ұрпаққа қолайлы жағдайжасау мәселелеріне басымдық берілді.

Мемлекет басшысы елдің экономикалық мүмкіндіктеріел игілігіне, соның ішінде келешек ұрпақтың дамуынабағыттау қажеттігін атап өтті.
— Президент Жолдауда Ұлттық қордың негізгі миссиясы ел байлығын сақтап, оны қазіргі және келешек ұрпақтыңигілігіне жарату екенін ерекше атап өтті. Осы реттеМемлекет басшысы 2029 жылдың соңына дейінинфрақұрылымдық жаңғыртуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлу жоспарланып отырғанын, бұл қаражатәлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымнысандарын салуға, өңірлерді дамытуға және халықтыңөмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатынын айтты. Әсіресе, Президенттің кейінгі буынға өркениетті, озық, жаңарған мемлекет аманат ету туралы пікірі білім беру саласы үшін айрықша маңызға ие. Өйткені елдің ертеңібүгінгі жас ұрпақтың алған біліміне, білігіне және заманауитехнологияларды меңгеру қабілетіне тікелей байланысты. Сондықтан адами капиталды дамыту, жастардың зияткерлікәлеуетін ашу және олардың өзін-өзі дамытуына мүмкіндікжасау – ұзақ мерзімді мемлекеттік саясаттың маңыздыбағыттарының бірі, — деді Сабыржан Мұхтаров.

Партия мүшелерінің айтуынша, білім беру ұйымдарының міндеті тек оқушыларға білім беруменшектелмейді. Олардың бойында сыни ойлау, жауапкершілік, шығармашылық қабілет пен жаңашылдыққа ұмтылысқалыптастыру да маңызды. Әсіресе, жаратылыстануғылымдары мен цифрлық технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті, ел дамуына үлес қоса алатын жасмамандарды даярлау қажеттігі айтылды.
— Мемлекет басшысы оқу-ағарту саласындағыреформаларға қатысты түйткілдерге тоқталып, кез келгенөзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге және оның артықжүктемесін азайтуға бағытталуы керектігін айтты. Бұрынқағазбастылық көп болса, қазір оның орнын түрлі цифрлықплатформалар мен жүйелерге енгізілетін есептер басыпотырғанын атап өтті. Осыған байланысты педагогтердіңуақытын алатын басы артық жұмыстарды қысқартуқажеттігіне назар аударды. Өйткені ұстаздың басты міндеті– балаға сапалы білім беріп, сауатты әрі саналы ұрпақтәрбиелеу. Мұғалімнің абырой-беделін қорғау мәселесі де Жолдауда кеңінен қозғалды. Президент мектептердеоқушылардың ұстаздарға дөрекі сөйлеуі, тіпті күш қолданужағдайларының кездесетініне алаңдаушылық білдірді. Мұндай мәселелерді қарау кезінде педагогтің құқығы мен кәсіби беделі ескерілуі керектігін атап өтті. Бұл реттеотбасы, оқушы, мұғалім және мектеп әкімшілігі ортақжауапкершілік танытып, әрбір жағдайға жан-жақты әрі әділбаға беруге тиіс, — деді Жұлдыз Қожабекова.
Адель Масалимова Жолдауда көтерілгенбастамалардың барлығы бір мақсатқа – адам капиталындамытуға, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуғабағытталғаны атап өтті. Қатысушылар білім беру саласынжетілдіру, педагогтердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдайжасау және әр баланың сапалы білім алуына мүмкіндік беру жөнінде пікір алмасты М.ТАБЫН.



