Басты тақырыпСпорт

Жаңа спорт кешені жастарға жаңа мүмкіндік

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасы Ойыл ауданында да жүйелі жүзеге асуда. Оның басты айғағы ауданның құрама командалары волейболдан облыстық деңгейде өнер көрсетіп жүр. Ауданымызда тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 5884 болса, бұл көрсеткіш жергілікті халықтың 31,5 пайызын құрайды.

Осы орайда біздің ауданда денешынықтыру және сауықтыру спорт кешенінің құрылысы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында мамыр айынан бастап қызу жүргізіліп жатыр. Мердігер «Сұңқар құрылыс LTD» ЖШС 12148,97 м3 көлеміндегі нысанның құрылыс жұмыстары келесі жылдың сәуір айында аяқталынады деп жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны – 416 миллион 912 мың теңге. Спорт кешенін салу үшін Республикалық бюджеттен 353,891 миллион теңге, облыстық бюджеттен 24,728 миллион теңге, аудандық бюджеттен 14,0 миллион теңге бөлінген. Дене шынықтыру- сауықтыру кешені екі блоктан тұратын металлоконструкциядан құрастырылуда. Құрылыс жұмыстарына жергілікті жерден 7 адам жұмыспен қамтылған. Аумағы 588 шаршы метрді құрайтын жаңа дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің бірінші қабатында жүзу бассейні болса, екінші қабатында спорттық ойын залы мен күрес залы және темірмен жаттығу залы болады. Спорттың бұл түрлеріне аудан жастары құмар. Олар спорттық жаңа нысанның ашылуын асыға күтуде. Себебі спорт кешенінде кәсіби деңгейде жаттығып, болашақ Олимпиада чемпиондарын дайындауға тиісті жағдай жасауға мүмкіндік бермек. Тағы бір айта кетерлігі, спорттық нысанның қабылдау мүмкіндігі 88 орындық.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар