Мәдениет

Жарайсың Сандуғаш!

Әлімсақтан Көкжар деп бейресми аталған өнерлі ордамыздан талай-талай саңлақтарымыз түлеп ұшты. Осы өңірден өнердің өр шыңына қанат қаққан күміс көмей әншілер де, мың бұралған бишілер де, дәулескер күйшілер де аз емес. Олардың барлығы да Ойыл тарихынан ойып тұрып орын алары хақ. Бүгінгі күнде өнерпаз жастардың арасында биік-биік белестерді бағындырып жүргендердің бірі — Сандуғаш Серікқызы. Оқушы кезінен өнердің озаты атанған оның әуезді үні жерлестеріне жақсы таныс. Сонымен бірге Сандуғаш кішкене кезінен бастап, сахналық қойылымдарда ролдерді де шебер сомдап жүрді. Ол өнерге деген шексіз құштарлығының арқасында бойындағы талантын көрсете білді. Қазіргі таңда Астана қаласындағы Шабыт Қазақ Ұлттық өнер университетінің ІІІ курс студенті. Бала кезінде көгілдір экраннан көріп, оларға әуестеніп өскен Сандуғаш қазір сол өнер майталмандарынан дәріс алады.

Сүйінші ағайын! Сандуғаш жуырда ғана Мәскеу қаласында өткен Серебряная Шпага халықаралық фестивалінде «Сценического фехтования» театралды көрінісінде бас жүлдені жеңіп алып, «Приз президента фестиваля» номинациясымен марапатталып, еліміздің абыройын асқақтатты. Жарайсың Сандуғаш! Шығар шыңдарың көп болсын!

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар