ӘлеуметМәдениетРухани жаңғыру

«АЛҒЫС ЕЛДІҢ БӘРІНЕ!»

1 наурыз – Алғыс айту күні күнтізбеге кейіннен енгізілсе де, еліміздегі ерекше мейрамдардың бірііне айналды. Бұл күн халықтың бірлігі мен татулығын дәріптейтін, өткенге құрмет білдіретін және бүгінге шүкіршілік ететін мереке. Осы орайда, Ойыл ауданында «Алғыс елдің бәріне!» атты мәдени шара ұйымдастырылды.

Іс-шара «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында өтіп, оған аудан басшылығы, мемлекеттік қызметкерлер, еңбек ардагерлері, қоғам белсенділері мен аудан тұрғындары қатысты. Мерекелік жиынның шымылдығын аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлының құттықтау сөзі ашты. Ол өз сөзінде Алғыс айту күнінің ел бірлігі мен ынтымағын нығайтудағы маңыздылығын атап өтіп, қоғамның дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.
Салтанатты жиында әртүрлі салада ерекше белсенділік танытқан азаматтарға алғыс хаттар табысталды. Олардың қатарында өрт сөндірушілер, пошта қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары, спорт жаттықтырушылары, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан белсенділер және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз еңбегін сіңірген азаматтар болды.
Мерекелік шара аясында аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, қазақтың ұлттық билері мен патриоттық әндер шырқалды.
Көрермендер «Жақсы адамдар азаймасын», «Ақбұлақ», «Рахмет саған, туған ел» әндерін жылы қабылдап, ерекше ықылас танытты.
Алғыс айту күні – бұл тек мереке ғана емес, мейірімділік пен ризашылықтың белгісі. Ойыл ауданында өткен бұл шара қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтып, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен алғысын білдіруге мүмкіндік берді.

 

Related Articles

Back to top button