Әлеумет

Біздің мақтанышымыз!

Қарулы Күштер — елдің тірегі, қорғаны, тыныштығының күзетшісі, тұтастығының кепілі. Жер бетінде кез келген мемлекет өз қарулы күштерінің қуатты, мықты болғанын қалайды. «Өз әскеріне көңіл бөлмеген ел, өзгенің әскерін асырауға мәжбүр болады» — деген нақыл кімді де болса ойға қалдырады. «Отан үшін отқа түс —  күймейсің» немесе «Отан – оттан да ыстық» деп Отанның құнды әрі қымбат екен білдірген. Ата-бабаларымыз ұлын тәрбиелегенде оған жеті атасын білуді үйреткен. Себебі, «Жеті атасын білген ұл — жеті жұрттың қамын жер, өзін ғана білген ұл — намысын сатып, арын жер» деп, жеті атасын білуді кез-келген азаматқа міндет, әрі тектіліктің белгісі деп санаған. Адамзатты отансүйгіштікке, туған елді қадірлеуге, отанды қорғауға айрықша мән берген. Ата-бабаларымыз осыншама кең байтақ жерімізді, отанымызды найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап атадан балаға мирас қылып қалдырған. Сол отанды қорғауға және де бейбітшілікті сақтауға сонымен қоса болашақ ұрпаққа осы күйінде жеткізуге міндеттіміз. Ата занымыздын 36 бабында «Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті», — деп жазылған.
Жуырда Көптоғай ауылының тумасы Нұрмағамбет Орынғали Отан алдындағы борышын Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметі қатарында өтеуге аттанса, тепсе темір үзетін Ойылдың 12 жігіті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге кетті.

Е.Асқаров,
Ойыл ауданының қорғаныс істері
Жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан.

Басқа жаңалықтар