Білім

Жүлдегерлер марапатталды Жетекшілері шипажайға жолдама алды

Кеше аудандық білім бөлімінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 24-30 наурыз аралығында өткен болатын. Облыстық кезеңге ауданның оқушылары қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Тарқатып айтсақ, биология пәні бойынша Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ерасыл Жәнібекұлы, 11 сынып оқушысы Бибарыс Мекеев ІІІ орынды иеленді. Соркөл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Назерке Дүйсенова химия пәні бойынша ІІІ орынды иемденді. Құрман орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әсем Сисенова құқық негіздері пәні, Сапақкөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бекнұр Аманжан Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ орынды жеңіл алды.

Ал, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Ильнар Сабиржанов орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі бойынша жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Марапат соңында  бөлім басшысы Серік Меруенов білім алушыларға оқу жолындағы ізденімпаздығы мен жігерлілігі үшін алғысын білдірді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне оқушылар дайындап, білім сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін жетекшілеріне Алғыс хат пен шипажайға жолдама табысталды.

Басқа жаңалықтар