ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

АУДАНДЫҚ XLIV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының кезектен тыс XLIV конференциясына партияның саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымынан сайланатын делегаттар, фракция мүшелері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды.
«AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау туралы;
«AMANAT» партиясы Ақтөбе аймақтық филиалының кезектен тыс XXXVIII конференциясына делегаттарды сайлау туралы;

Күн тәртібіндегі бірінші мәселелер бойынша филиалдың атқарушы хатшысы Еркін Жиеналин баяндама оқыды. Жаңа Саяси тұғырнаманың негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
-«АMANAT» партиясының саяси тұғырнамасы:
негізгі тұстары
Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты.
Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген жаңа, Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр.
Біз ұлан-байтақ жерімізде бейбітшілік пен тәуелсіздікті қорғайтын, сақтайтын және нығайтатын боламыз. Бұл – бабаларымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың алдындағы біздің қасиетті аманатымыз-деді Еркін Жұмағазыұлы.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ауданның атынан 4 делегат сайланып бір ауыздан қолдау тапты.
Басқосу соңында өзге де өзекті мәселелер талқыланып Саяси тұғырнаманың артықшылықтары мен тиімді тұстары айтылды.

Басқа жаңалықтар