Басты тақырыпРухани жаңғыруЭкономика

КӘСІПОДАҚ ҚАШАНДА ЕҢБЕК АДАМЫМЕН БІРГЕ

Бұдан үш жыл бұрын 2019 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 қазан — Қазақстан Кәсіподақтарының күні деп бекітілді. Содан бері бұл күні кәсіби мереке ретінде аталып келеді. Ауданда 1000-нан аса адамның басын қосқан 33 бастауыш кәсіподағы ұйымы бар.
Өткен аптада аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «Кәсіподақ күші бірлікте» атты шара өтті. Мерекелік шарада алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар білім беру саласында көп жылғы адал еңбегі үшін бір топ кіші қызметкерлерге Алғыс хаттар мен шипажайға жолдама тапсырды.
Кәсіподақ тарапынан жыл сайын мемлекеттік мерекелер мен кәсіби мерекелерде білім беруде қол жеткізген табыстары мен жетістіктері үшін мұғалімдерге сый-құрмет көрсетіліп келеді. Мерекелік шарада аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы қызметкерлерінің төрайымы Гүлмира Избағамбетова барша игілікті істердің иесі — еңбек адамы екендігін, оның негізгі жанашырлары ретінде Кәсіподақтар қызметінің мақсаттары мен міндеттері әлеуметтік әріптестерімен бірлесе кәсіпорындағы, қоғамдағы, елдегі тұрақтылық бағытында тоғысатындығын айтты. Мереке иелерінің мерейін тасытқан басқосуда бірқатар кәсіподақ белсенділеріне, ұстаздар қауымына алғыс хаттар мен емдеу демалыс орындарына жолдамалар табыстады.
Өз тілшіміз.

 

Басқа жаңалықтар