ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

Ақтөбеде «Еңбегі жанған арулар» халықаралық форумы өтті

Осымен екінші рет ұйымдастырылған форумды Ақтөбе облысының әкімдігі мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының Ақтөбе облыстық филиалы ұйымдастырды. Шараға Түркия, Өзбекстан, Ресей Федерациясынан, сондай-ақ, облыстық 12 ауданынан келген іскер әйелдердің басын қосты. Мұндағы мақсат – Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдердің мәртебесін көтеру, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін ілгерілету. Форумға қатысушылар еліміздің экономикалық әлеуетін іске асыруда әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың рөлін талқылады, сондай-ақ әйелдер бизнес-жобаларды дамыту, оның ішінде ауылдық жерлерде іске асыру және қолдау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Алқалы басқосу аясында өз күшімен ісін бастаған ақтөбелік кәсіпкерлердің тауарлары қойылған көрме ұйымдастырылды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар