ӘлеуметБасты тақырыпМәдениет

«ШАПАҒАТТЫҢ» ШАШУЫ

Өткен апта аудандық мәдениет үйінде халықтық «Шапағат» Ешпановтар отбасылық ансамблінің есеп беру концерті өтті. Мерекелік кеш барысында «Ойнап күл», «Ауылға сағыныш», «Сырласып алыңдар сүйгендер», «Отбасым», «Бауырым» және басқа да халық әндер орындалып, сонымен қатар Ақниеттің репертуарындағы бірнеше әндер шырқалды. Мерекелік кешке келген көрермендер концерттен жақсы әсермен көтеріңкі көңіл күйде ризашылықтарын білдірді.
Кеш соңында аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысының атынан құттықтау хаты табыс етілді. Халық ансамбль туралы қысқаша ақпарат беретін болсақ, «Шапағат» халықтық Ешпановтар отбасылық ансамблі Ойыл аудандық мәдениет үйі жанынан құрылып, 2004 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
2008 жылы отбасылық ансамбль халықтық атағын алса, 2022 жылы халықтық атағын қайта қорғады.
Боранбай — ансамбль жетекшісі ұлттық домбыра аспабымен қоса, жапондық «Синтезатор» аспабын меңгерген. Театрда бірнеше рольдерді сомдап келеді және «Шаншу» әзіл сықақ театрының мүшесі. Отанасы Ибағалиева Гүлмира домбырамен, эстрадамен ән салады, әзіл сықақ интермедияларында ойнаған. Ансамблдің бір мүшесі қыздары — Бұлбұл аудандық музыка мектебінде мұғалім. Вокал және хор кластарына дәріс береді. Үйдің кенже Ақниет 5 жасынан бастап облыстық, аудандық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Ол сонымен қоса би өнерінің озық шебері десе де болады. А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжін аяқтап, қазіргі таңда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 1 курс студенті.

Басқа жаңалықтар