ӘлеуметБасты тақырып
“AMANAT” үміткерлерін ұсынды
Кеше “AMANAT” партиясының Ойыл аудандық филиалында кезектен тыс XLVII конференциясы өтті. Конференция барысында алдағы өтетін сайлауға делегаттар ұсынылды.
Бұған дейін, 2023 жылдың 19 науырызында өтетін ҚР Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына жергілікті сайлау округтері бойынша кандидаттыққа ниет білдірген партия мүшелерінің өтініштері негізінде партияның Саяси кеңес отырысында қаралып, Саяси кеңес Бюросында мақұлданған болатын. Бюро отырысының шешімімен аудандық конференцияға Ойыл ауданы бойынша 11 мандаттық орынға, әр сайлау округіне бір-бірден кандидаттар ұсынылды.
Партияның аудандық филиалының кезектен тыс XLVII конференциясының делегаттарының дауыс беруімен партия атынан 11 кандидат анықталып, конференция қаулысымен аудандық сайлау комиссиясына ұсынылды.