ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ОЙЫЛ АУДАНЫНДА«АУЫЛ АМАНАТЫ»ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ойыл ауданында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселелері бойынша жиын өтті. Отырысқа мемлекеттік органдар мен «Ақтөбе» ӘКК басшылары, аудан әкімі Асқар Қазыбаев, 7 ауылдық округтің әкімдері қатысты.

«Ойыл ауданына жұмыс сапары барысында мен бірқатар жобалардың іске асырылуымен таныстым, жергілікті тұрғындармен кездестім.
Кейбір ауылдық округтерде инвестиция тарту жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейтіні белгілі болды, ал әкімдер «Ауыл аманаты» жобасын толық зерттеп, түсінбеген. Отырыста осы мәселелерді шешу жолдарын талқылаймыз», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Асқар Қазыбаев ауданда жүргізілген скрининг нәтижелері, негізгі капиталға инвестициялар тарту және «Ауыл аманатын» іске асыруға қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Бүгінгі таңда Ойыл ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 36 адам өтінім берген, оның 24-і мақұлданса, бесеуіне қаржы бөлінді.
«Бұл жоба – жұмыссыздықты жойып, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың материалдық жағдайын жақсартып, табысын арттыруға тамаша мүмкіндік. Алайда, аудандар бойынша мақұлданған және қаралып жатқан жобалардың саны әлі де аз.
Әрбір жұмыссыз және АӘК алушымен жеке жұмыс істеу, құжаттарына көмектесу, жер учаскелерін немесе үйлерді ресімдеуге қатысты мәселелерді шешуге жәрдемдесу қажет.
«Ауыл аманаты» тек қатысушыларға ғана емес, ауылдарыңыздың және жалпы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін болады. Халықтың жағдайы жақсарады. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға ерекше назар аудару керек, өйткені олар ауылдардың проблемаларын шешуге ықпал етеді», – деп атап өтті өңір басшысы.
Жиын соңында облыс бойынша жобаға қатысатын барлық ауылдық округтер әкімдерінің жұмыс нәтижелеріне мониторинг жүргізу, соңғы орындарда тұрғандарды бақылауға алу және тұтастай алғанда жобаны іске асыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар