ӘлеуметБасты тақырып

ОРАЗАДАҒЫ ОН ИГІ ІС

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен басталған «Оразадағы он игі іс» акциясы өз мәресіне жетті. Рамазан айындағы сегізінші қайырымдылық акциясы «тегін курс». Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімі Айнаш Дінжанова ағылшын тілінен тегін бір айлық курс, Сапақкөл орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Қамажай Сисенбаева «Цифрлық сауаттылық» тегін бір айлық курс ашты.
Мектептегі аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына тереңдетілген білім беріп қана қоймай, оқу барысында құрал-жабдықтар, көрнекіліктер тегін ұсынылатын болады.
Тоғызыншы игі қайырымдылық «Ардагерлерді ардақтайық» деп аталды. Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы, Ойыл қазақ орта мектебі, Ж.Жүсібалиев атындағы орта мектебі, Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық балалар музыка мектебінің ерікті, белсенді жастары бұл акция барысында қарт кісілерге, ардагерлерге жәрдем берді. Үй шаруасына көмек көрсетіліп, аулалары қоқыстан тазартылды. Игі шара аясында аудандық аурухана жастары ардагерлерге барып, профилактикалық мақсатта денсаулықтарына тексеру жүргізіп, арнайы сыйлықтарын тарту етті.

Басқа жаңалықтар