ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
«Мектепке жол» акциясы – қайырымдылықтың жарқын үлгісі
1 тамызда «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталды. Аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмей қалуын болдырмау, алдын алуды мақсат тұтқан акция биыл «Жақсылық жаса!» ұранымен өткізіледі.
Акцияға кез-келген адам үлес қоса алады. Республикалық шараға мемлекеттік мекемелер, еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен қарапайым жомарт адамдарды белсене қатысуға шақырамыз!
Әрбір оқушының жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындықпен баруына ұйытқы болсақ, бұл біздің еліміздің болашағаына қосқан үлесіміз!
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытып, әр баланың мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аударайық!
Ойыл ауданының білім бөлімі