ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Өткен аптада “Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған немесе қаупі төнгенде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері мен тұрғындардың іс-әрекеттері” тақырыбы бойынша ауданымызда кешенді оқу-жаттығулары өтті.
Оқу-жаттығудың бірінші күні жоспарға сәйкес облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері аудандық төтенше жағдайларды алдын алуға құрылған азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларымен, ауылдық округ әкімдерімен теориялық сабақтар өткізді және қызметтер, құрылымдар мен шұғыл ден қою жасағын сапқа тұрғызылып материалдық-техникалық базасымен танысты.

Сондай-ақ аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға аудандағы азаматтық қорғау қызметі құрылған мемлекеттік мекеме басшылары мен аудан әкімі Асқар Қазыбаев қатысты.
Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник С.Молдақараев ауданның 2024 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша инженерлік жұмыстары жоспарымен және жүргізілген жұмыстарымен танысты.
Оқу-жаттығудың екінші күні жоспарға сәйкес ауданның Азаматтық Қорғаныс қызметтері “Жарылыс-202” сигналы бойынша көтеріліп “Ойыл ауданы аумағында күннің күрт жылынуынан су басу қаупі туындады.
Алдын-ала ақпаратқа сәйкес Қойшығұлов көшесі, Көкжар қиылысы, жоғарғы көше Масатовқа дейінгі үйлер еріген қар суы астында қалды. Су басу аймағында «225 үй қалып отыр» кіріспесі бойынша топографиялық картасын қолдана отырып, АҚ бастығына ТЖ аймағында жүргізілетін жұмыстар жөнінде, қабылданатын шешімдер жөнінде теориялық сабақ өткізілді. Одан әрі жоспар бойынша практикалық іс-шаралары жүргізілді:
1) АҚ бастығының жылжымалы басқару пунктін өрістету;
2) АҚ бастығының қосалқы басқару пунктін өрістету;
3) халықты қоныстандыруды пысықтау, аудан орталығындағы 2 қабылдау эвакуациялық пунктін өрістету;
4) аса қауіпті инфекцияны жұқтыру анықталған кезде карантиндік іс-шараларды орындау;
5) Ойыл-Қобда тас жолында күкірт тасымалдаушы арнайы көлікпен Ақтөбе-Ойыл рейстік автобусының түйісу салдарынан орын алған ТЖ жою шаралары, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету.
Екі күн ішінде тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен жол қызметтерінің дайындығын тексеру мақсатында азаматтық қорғау қызметтерінің түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға дайындығы мен іс жүзінде әрекет етулері пысықталды.

Басқа жаңалықтар