Аталған үйлерге техникалық тексеру жүргізіліп, 21 үйге жөндеу қажет деген шешім шықты. Бұл 21 үйдің барлығына 64,5 миллион теңге өтемақы төленді. 299 отбасынан Материалдық шығынды өтеу бойынша келіп түскен 299 өтініштің барлығы қанағаттандырылды.
Сонымен қатар Ойыл ауданында 307 жаңа үй салу жоспарланған. 93 отбасыға аудан орталығынан жаңа баспана сатып алынды. Барлық ауылдық елді мекендерде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Ойыл ауылында 30 үй, Қаратал ауылында 134 үй, Ақкемер ауылында 16 үй, Ақжар ауылында 5 үй, Бестамақ пен Кемер ауылында екі-екі үйден, жалпы 4 үйдің құрылыс жұмыстары басталды.