Шындыққа келсек халықтың бірлігі -ел өркендеуінің берік негізі. Бірліктің арқасында қазақ халқы талай сынақтардан сүрінбей өтіп келеді.
Мен ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың өз халқының қамын, жастарының болашағын шынайылықпен, адами көзқараспен , болашақты нақты болжай алатын үлкен тұлға ретінде қатты сыйлаймын. ҚРПрезидентінің Жолдауы өзекті мәселелерді шешуге, еліміздің стратегиялық дамуына байланысты басты мақсаттарға бағытталған.
Жолдауда азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі экономикалық өзгерістер керек екенін айтты.
Жолдаудағы бастаманың бірі -АЭС құрылысы туралы жалпыхалықтық референдум өткізу көптен қозғалып келе жатқан мәселе.
Еліміздегі АЭС салу қажеттілігі біріншіден елдің экономикалық өсуі мен халық санының өсуі электр энергиясына деген сұраныстың артуы.
Ескірген энергетикалық инфрақұрылымдардың тозуы жаңа АЭС-ті салынуына әкеп отыр. АЭС мәселесін уақтылы және тиімді шешу еліміздің энергетикалық қауісіздігі мен экологиялық тұрақтылығы үшін маңызды болмақ деген ойдамын.
Рысбаева Балқия Тілеужанқызы
Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің директоры