Экономика

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АЭС САЛУДЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРУДЕ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың түсіндіру жұмысы жалғасуда. Көшелерде белсенділер ақпараттық материалдар іліп, тұрғындарды референдум күні дауыс беруге шақыруда.
Ойылда халықтық штаб құрылды. Штабта барлығы 25 адам бар. Оның ішінде 3 саяси партия өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары — «Ауыл партиясы», «КХ партиясы», «AMANAT» партиясының өкілдері және қоғамдық ұйымдар өкілдері бар. Қазақстанда АЭС салуды халық арасында түсіндіру мақсатында алдын-ала жоспар құрылды, желілік кесте жасақтандырылды.
Желілік кестеге сәйкес барлығы 44 шара қамтылды. Бүгінгі күнге дейін 34 шара өтті. Саралап қарайтын болсақ, халықпен кездесу — 7, еңбек ұжымдарымен кездесу — 20, экспорт кездесу -2, студенттермен кездесу -1, ауыл ақсақалдарымен кездесу-1, ауыл жастарымен кездесу- 1,кәсіпкерлермен кездесу -2. Барлығы 1240 ауыл халқы қамтылды.
Кезекті түсіндіру жұмысы өткен аптада Ойыл қазақ орта мектебінің ұжымында өтті. Кездесу барысында Қазақстанда АЭС салудың өзектілігі, еліміздің энергетика саласын дамытуда және болашақта энергожетіспеушілік тәуекелінің алдын алуда қолға алынып жатқан бірегей жоба екендігі айтылды.
Штаб мүшелері мұндай ауқымды шараны қолға алмастан бұрын жан-жақты және түбегейлі ғылыми зерттеулер жасалғандығын, еліміздің осы саладағы потенциалын, бірінші орында халықтың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға тигізер әсерін зерделеу бойынша жасалынған сараптамаларды халыққа жеткізді. Тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс- пікірлері назарға алынды.

Басқа жаңалықтар