Экономика
АЭС САЛУ — ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
![](https://oiyl.kz/wp-content/uploads/2024/10/WhatsApp-Image-2024-10-02-at-09.15.17-780x405.jpeg)
Қоғам пікірі АЭС-тің қауіпсіздігі хақында екіге бөлініп отыр. Сарапшы мамандар жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр — Егер ел өзін стратегиялық ресурстармен қамтамасыз етпесе, жұмыс кенжелеп тұрады.. Бұл қауіпсіздік мәселесі. Біз мұндай мәселелерде көршілерімізге тәуелді бола алмаймыз. АЭС — бұл қазіргі жағдайда қажеттілік. Елімізде АЭС салуға қатысты дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда атом электр станциясын салу үшін технологиялар зерттеліп, зерделеніп жатыр. Мамандардың айтуынша, АЭС-ті салуға шамамен 6 жыл уақыт жұмсалады. Алайда ұсынысты қоғамдық талқылаудан өткізуге, қажетті құжаттар дайындауға да уақыт керек. Жалпы бұл процесс 10 жыл мерзімді қамтитын болады.
Бисенғалиева Жаңылдық Серікбайқызы
Мәдениет саласының еңбек ардагері