ӘкімдікӘлеуметЭкономика

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ САЛДАРЫН ЖОЮДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Тұрақты комиссия

Өткен аптада аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері, бірқатар мекеме басшылары қатысты.
Тұрақты комиссияның күн тәртібінде «Аудандағы төтенше жағдай бойынша жасалып жатырған жұмыстары туралы» мәселе қаралды.
Аудан әкімінің орынбасары Нұржау Тұрғамбеков, аудандық сәулет, қала құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айнат Қазмағамбетов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абат Мүбараковтың баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Кеңес мүшелері және жиынға қатысушылар тараптарынан баяндамашыларға ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Сонымен қатар алдағы уақытта жұмыстарды жақсарту мақсатында сала басшыларына нақты ұсынымдар жасалып, әрбір мәселе бойынша шешімдер қабылдады.
P.S. СОЛ КҮНІ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ АЛДЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ШТАБПЕН АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫРҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ. КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ШТАБ МҮШЕСІ ЖАНГҮЛ ІЗҒАРИНА БАЯНДАМА ЖАСАП ӨТІП, БАРЛЫҚ ТҮСКЕН ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ.

Басқа жаңалықтар