Экономика

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Жыл қорытындысы

Мәдени іс-шаралар
2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін 1,9 млн көрерменді қамтыған 27 753 іс-шара өткізілді.
Елеулі жобалар:

  • «Әнші балапан» – ауылдық талантты балалар байқауы;
  • «Ақтөбем – шексіз менің өнерім» – мүмкіндігі шектеулі балалар концерті;
  • Әйтеке би Бәйбекұлының 380 жылдығына орай республикалық «Әділ сөздің алдаспаны» атты Ақтөбе облысы мен Батыс Қазақстан облысы ақындары арасындары мен дәстүрлі өнер өкілдерінің айтысы
  • «Сыбаға» этнофестивалі.
  • «Кітап» фестивалі

Ірі фестивальдер мен байқаулар

 Ғ.Жұбанов атындағы облыстық филармонияда 264 мың 430 келушіні қамтыған 376 мәдени шара өтті.

  • Ақтөбе қаласының 155 жылдығы аясында «Алтын Камертон», «Ұлы дала мұрасы» байқаулары өтті.
  • «Аққу-2024» хореографиялық би байқауы дәстүрлі түрде ұйымдастырылды.
  • Ұлттық домбыра күніне орай Жайлау Асылхановтың «Күмбірле, қоңыр домбырам» күй кеші өтті.
  • Ашық аспан астындағы «Music Fest Open Air» музыкалық фестивалі өтті.
  • Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 80 жылдық мерейтойына арналған концерт;
  • «Baqytty Bala» ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы
  • «Жұбанов әуені» халықаралық вокалистер,хор музыкасы, ұлт аспаптары оркестрлер және ансамбльдер фестиваль – байқауы;
  • «Филармониядағы өнер түні» жобасы аясында интерактивті алаңдар Jamm session, экскурсия, фотозона, шеберлік сағаттары, шығармашылық ұжымдардың «Үздіктердің үздігі» гала концерті өтті.

Ұлтаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында Ресей Федерациясының «QAZAQTILI» халықарлық орталығының 25 жылдығына орай және наурыз мерекесі аясында Оренбург қаласында «И Россия, И мой Казахстан» концертінде «Екі Езу» сатира театры өнер көрсетті.

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі Ресейдің Сол-Илецк қаласында «Наурыз – көктем» концертін ұсынды.

Қазақ Камералық хор ұжымы арнайы шақыртумен Ресейдің Мәскеу қаласында «Звучит Москва» музыка фестивалінде, Корея елінің Сеул қаласында «Азия елдерінің көктем фестивалінде», Әзірбайжан мемлекетіне Ұлы ойшыл Мухаммед Физулидің 530 жылдығына арналған «Физули апталығы» жобасында өнер көрсетіп, қазақ мәдениетін әлемге паш етті. Филармонияның домбырашысы Нұрдәлет Қуандықов, дәстүрлі әнші Дастан Қабылов Түркия елінің Кония қаласында «Мәдениет орталығының» ашылуына байланысты қазақтың ұлттық домбырасын насихаттап, төл өнерімізді дәріптеп келді.

Театр өнері

  • Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры мен «Алақай» қуыршақ театрының репертуарлары көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, М.Әуезовтің «Қобыланды» дастан-драмасы, Э.Шмиттің «Отель двух миров», Ш.Құсайыновтың «Мама» драмасы, Т.Теменовтың «Махаббат бекеті» мелодрамасы, сондай-ақ «Ат тұяғын тай басар» ертегісімен толықты.
  • «Қобыланды» дастан-драмасы республикалық фестивальде «Үздік режиссерлік шешім» номинациясын иеленді.

Кітапханалар

  • 234 кітапхана жұмыс істейді, оның 180-і ауылдық жерде.
  • Кітап қоры – 3 млн 559 мың 260 дана.
  • Кітапханадағы коворкинг саны – 30
  • Оқырман саны – 294 854 адам

Биыл кітап қоры 49 млн 348 мың теңге қаржы бөлініп, 12 мыңға жуық жаңа кітаппен толықты.

Музейлер
 Облыс музейінде 3168 түрлі мәдени іс – шара ұйымдастырылды.

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһармандық рух» атты халықаралық ғылыми конференция

  • ҚР Халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрменің ашылу салтанаты
  • Қазақтың дәстүрлі тері өңдеу кәсібі: тарихи тәжірибе, қазіргі күйі және даму перспективасы» I Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция
  • 21 музей жұмыс істейді. Жыл ішінде 3210 жаңа экспонат қосылды.
  • 29 123 экспонат цифрландырылды.
  • «Жәдігер жерде қалмасын» акциясы аясында музейлер экспонаттармен толықтырылды.

Тарихи-мәдени мұра
 Қазіргі уақытта Мемлекет қорғауына 872 ескерткіш алынған;
Облыс бойынша 250 ескерткішке мониторинг жұмыстары жүргізілді;
3 ескерткішке қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді:

  1. Хазірет Досжан ишан кешені;
  2. Жұмағали ишан мешіті;
  3. Жел диірмен.

3 ескерткішті қайта қалпына келтіру жұмыстары үшін ғылыми-жобалық құжаттама әзірленді:

  1. Матығұл кесенесі
  2. Молдағазының көк мешіті
  3. Дүйсенбі аһун мешіті

Темір, Мұғалжар аудандарындағы археологиялық ескерткіштертердің электронды базасы жасақталып, картографиялау жұмыстары жүзеге асты;
Мәртөк ауданының ескерткіштер жинағы жарыққа шықты.
 Сондай –ақ, «Қобыланды батыр» жырының 7 томдық жинағы жарық көрді.
 Құрылыс және жөндеу
Облыста 473 мәдениет мекемесі бар. 2024 жылы 5 мәдениет нысанына
құрылыс жұмыстары жүргізілді. 3 мәдениет нысанының құрылысы аяқталды.
Күрделі жөндеу:
13 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып, олардың 6-ы толық аяқталып, қабылдау актісі негізінде пайдалануға берілді. Қалған 7 нысан бойынша жұмыстар 99%-ға орындалып, қабылдау актілері рәсімделуде.
Жобалар:
2025жылы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 700 орындық театр құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта Мәңгілік ел ауданында құрылыс орны анықталып, жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Жер телімі 5 гектарды құрайды, ғимарат көлемі 18 000 ш.м.

Басқа жаңалықтар