ӘкімдікБасты тақырып

Саябақтағы «ашық есік күні»

Өткен аптада «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы саябақта» «Nur Oran» партиясы Ойыл аудандық филиалының жоспарына сәйкес аудандық бөлім басшылары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бекболат Иманғалиев, Ойыл аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Аралбай Жолдыбаев, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Танат Нұрымгереев, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Меруенов, Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сүйіндік Өскенбаевтің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді. Қабылдау барысында жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселесі бойынша бірқатар сұрақтар қойылып түсінік жұмыстары жүргізілді. Бөлім басшылары қабылдауға келген азаматтардың тараптарынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлім басшылары «Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы, соның ішінде мемлекеттік салалық бағдарламалар, партиялық жобалардың іске асырылуын» баяндады.
«Ашық есік» күніне «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Исатай Берғалиев, Қонақбай Сәттібаев, партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтай Даулетов, саяси кеңес бюросының мүшесі Тыныштыбай Шалабаевтар қатысты.

Басқа жаңалықтар