Басты тақырып

Бастаулықтарға жобаларын несиелендіру шарттары түсіндірілді

Кәсіпкерлер палатасы мен «Atameken Aktobe» МҚҰ өкілдері Ойыл ауданында әлеуетті қарыз алушыларымен кездесті. МҚҰ директоры Нұрлан Серікжан «Бастау Бизнес» түлектеріне жеке кеңес берді.
«Atameken Aktobe» микроқаржы ұйымы жуырда құрылған және өңірлік кәсіпкерлер палатасында орналасқан. Бүгінде қарауда 90-нан астам өтінім бар және олардың басым бөлігі ауыл тұрғындарынан келіп түсті.
Мысалы, Ойыл ауданы бойынша — 8өтініш тіркелген, жұмыс жалғасуда.
Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер Палатасының Ойыл ауданы бойынша «Бастау» бағдарламасы арқылы 561 ауыл тұрғыны білім алды, олардың 37%-ы несие түрінде қаржыландырылды,- дейді ӨКП филиалының директоры ЛяззатАбдраимова.
Ауыл тұрғындарымен кездесу кезіндегі сұрақтардың негізгі шеңбері несиелеу шарттары мен кепілдік саясатқа қатысты болды.
Айта кетейік, «Бастау» түлегі кез-келген бизнесті ашу үшін жылдық 6% — бен 5 жыл мерзімге, ал ауылшаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін несие ала алады. Айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейінгі мерзімге қаржыландыру қарастырылған. Жеке кәсіпкерлікті ашудан бастап бизнес–жоспарды әзірлеуге дейін сүйемелдеуді «Атамекен» кеңесшілері жүргізеді, мұнда құжаттарды жинауға көмектеседі.
«Біздің міндетіміз — «Бастау» түлегіне өз ісін бастауға көмектесу. Бастаулықтардың жобаларын қаржыландыруға республика бойынша 22,5 млрд теңге қарастырылған, оның 1,3 млрд теңгесі Ақтөбе облысына бөлінген. 2021 жылы ауыл және шағын қала тұрғындары үшін қарыздардың ең жоғары мөлшері 7,2 млн теңгені, қала тұрғындары үшін — 18,9 млн теңгені құрайды. Несиеге өтінім беру үшін ауылдық жерлердің тұрғындары Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының Ойыл аудандық филиалына «Бастау» жобасын сүйемелдеу жөніндегі консультанттарға жүгіне алады. Микрокредит беруге өтінім беру үшін белгіленген нысандағы өтінішті және клиенттің сауалнамасын ұсынуы қажет. Сондай-ақ, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерлікті тіркеу туралы куәлік, өтініш берушінің жеке куәлігі, несие тарихы, банктерде және салық органдарында берешектің жоқ екені туралы анықтамалар, кепілмен қамтамасыз ету бойынша құжаттар қажет»,— деді «Atameken Aktobe» микроқаржы ұйымының директоры Нұрлан Серікжан.
Бұл ретте, МҚҰ жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін және жылжымайтын мүлікті сатып алу, несие берешекті қайта қаржыландыру, бар несиені өтеу, сондай-ақ тұтынушылық мақсаттар бойынша жобаларды қаржыландырмайды.
«Атамекенде» МҚҰ әлеуетті қарыз алушыларымен кездесулер апта сайын өткізіледі. Бастаулықтар тобымен тұтас штаб жұмыс істейді: ӨКП басшылығы қаржыландырудың артықшылықтары нтүсіндіреді, бизнес-тренерлер сәтті кейстерді талдап, ал микроқаржы ұйымының қызметкерлері сол жерде алдын-ала құжаттар топтамасын қарап шығады.

Басқа жаңалықтар