Әлеумет
100-інші дауыс беруші

№392 референдум учаскесіне алғашқы 100-інші дауыс беруші болып еңбек ардагері Айдынғали Қоғабаев жұбайы Қоңыр апаймен келді. Сайлауға қатысуға жасы толғаннан бері бірде-бір сайлаудан қалып көрмегенін айтқан ағамыз, Мемлекеттің Ата Заңына енгізілетін өзгерістерді қолдайтынын жасырған жоқ.
- Уақыт ағымы туғызған қажеттілік — келешектің кепілі. Немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім. Заң орындалуымен құнды. Сондықтан, Заңы қуатты елдің келешегі кемел.
С.ҚОЙБАҒАРОВ.