Жаңалықтар

«Әділет» партиясының мүшелері елдің энергетикалық әлеуетін арттыру мәселесін талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі кезеңді «электр дәуірі» деп атады. Мемлекет басшысы «Қазақстан өзінің шикізаттық артықшылығын энергетикалық және технологиялық тұрғыдан өрлеу үшін пайдалануға тиіс екендігін, бұл – айрықша маңызды міндет» екенін атап өтті. «Әділет» партиясының мүшелері Айгүл Дүйсенова мен Алмас Жолдасов Ақтөбе қаласындағы «Динар-Электромаш» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде Жолдауда айтылған осы және басқа да мақсат-міндеттерге тоқталды.

Айгүл Дүйсенова Жолдауда энергетика саласын дамыту мәселесіне басымдық берілгенін атап өтті. Президент электр энергиясының жеткілікті болуы әр мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық дербестігін айқындайтын шешуші факторға айналғанын айтты. Осыған байланысты Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай Қазақстан қуат көзін артығымен өндіретін деңгейге жетуі керектігін тапсырды. Бұл үшін жаңа электр станцияларынсалу, қолданыстағы нысандар мен электр желілерін жаңғырту, таза көмір генерациясын дамыту және жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалану қажеттігін атап өтті.

— Энергетика – экономиканың барлық саласының тұрақты жұмыс істеуіне негіз болатын сала. Электр қуаты тапшылығы өндіріс орындарының дамуына, жаңа кәсіпорындардың ашылуына және инвестициялық жобалардың жүзеге асуына әсер етуі мүмкін. Сондықтанэнергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, электржелілерінің өткізу мүмкіндігін арттыру және жаңа қуаткөздерін іске қосу мәселелері өзекті. ПрезиденттіңЖолдауда осы бағыттарға басымдық беруі еліміздің ұзақмерзімді экономикалық дамуы үшін маңызды, – деді АйгүлДүйсенова.

Алмас Жолдасов Мемлекет басшысы айқындағанинфрақұрылым және экономикалық даму, инвестициялықахуалды жақсарту және бизнеске қолайлы жағдай жасау, өнеркәсіпті әртараптандыру, әлеуметтік саясат, ауылшаруашылығын дамуты бағыттары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ ол Жолдауда атом энергетикасын дамытуға, жаңаатом электр станцияларын салуға және осы салаға қажеттімамандар даярлауға ерекше мән берілгенін айтты. Бұл реттежоғары технологиялық өндірістерді дамыту, шетелдіксеріктестермен тәжірибе алмасу және отандықмамандардың біліктілігін арттырудың маңызы сөз болды.

Айта кетейік, «Динар-Электромаш» ЖШС электротехникалық жабдықтар мен кабель-сым өнімдерінжеткізуге маманданған. Кәсіпорын басшысы Сергей Вишняк Жолдауда айтылған энергетикалықинфрақұрылымды дамыту, электр желілерін жаңғырту жәнежаңа қуат көздерін іске қосу міндеттерінің маңызын атапөтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар энергетика саласының тұрақты дамуына және кәсіпорындар үшінқажетті инфрақұрылымның қалыптасуына мүмкіндік береді.                                                                                                        М.ТАБЫН.

Related Articles

Back to top button