Экономика

Тұрғындар жиыны МӘСЕЛЕ — МАЛ БАҒУ!

Кеше аудандық мәдениет үйінде жыл сайынғы көктемде өтетін дәстүрлі тұрғындар жиыны болды. Осы жиында бұрын да, бұл жолы да негізінен Ойыл селосы тұрғындарының сауын сиырларын бақтыру барысы талқыланды.

Алдымен Ойыл селолық округінің бір ай бұрын сайланған жаңа әкімі Рүстем Сағынғалиев өзінің осы бағыттағы ой-жоспарларымен бөлісті.
Яғни, көктемде селоның төрт бағытына сиыр күтуі шыққалы отыр. Малшылары дайын. Дегенмен, малшылар кешкісін мал иелерінің малдың алдынан шығып күтіп алмауы көп дауға арқау болатынын айтып отыр. Далаға бойдақ мал бағатындармен де алдын-ала уағда бар. Қазір көшедегі қарларды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр…
Ал, мал иелерінің де малшыларға қояр талабы мен айтар уәждері аз емес. Әсіресе, малшылардың уәделескен мерзімге дейін малды бақпай орта жолдан тастап кетуі. Жаз ортасында да малдың бірнеше күндеп бағылмай қалуы, сосын жыл сайын сарып ауруының шығуы сияқты мәселелер бар. Қоғамдық табынға аталық мал қосу да жылдан-жылға мәселе болып барады. Биыл осы мәселені шешу үшін мамандар қолдан ұрықтандыруды ұсынып отыр. Демек, бұл мамандардың айтуынша екі мәселені бір шешеді. Яғни, сарып ауруының жұғу ықтималдығын азайтады. Сонымен қатар, тұрғындар көшелерді қатқылдандыру, қысқы тазалау, қаңғыбас ит-мысықтардың көптігі алаңдатады. Ал, бағусыз малдың бейнеті аз емес. Келмей қалса, сұрайтын бақташы жоқ. Жоғалса, жаутабан болып іздейсің! Көшеге кіріп кетсе, айыппұл арқалатуы мүмкін!
Кездесу соңында тұрғындар көтерген мәселелерге орай толыққанды жауап берілді.

Related Articles

Back to top button