МәдениетЭкономика

Ойылдың өнер еркесі

Ойыл топырағы талай таланттарды түлеткен қасиетті мекен. Солардың бірі –ауданымыздың жарқын өкілі, республикалық байқаулардың лауреаты, «Арай» өнер мектебінің директоры Арайлым Мырзабекова.
Сахнаға адалдық, өнерге деген шексіз сүйіспеншілік – Арайлым Мырзабекованың шығармашылық жолының басты ұстанымы. «Қазақтың қызымын» әнімен шымылдығы түрілген кеш көрермендердің қолдауын ие болды. Әнші туған жерге деген махаббатын «Ойыл вальсі» арқылы жеткізіп, тыңдармандарын тебірентті.
Концерт барысында «Ойылдың ерке толқыны» сынды сырлы әндермен қатар, халық әндері де шырқалып, тыңдарманға рухани азық сыйлады. Әсем дауыс, жүректі тербер әуен, сахна мәдениеті – әрбір орындалған әнмен үйлесім тауып, көрермен жүрегінен орын алды.
Кештің шарықтау шегі – «Ойылым менің – ойдағы елім» әні болды. Бұл туынды – өнер иесінің туған өлкесіне деген шынайы алғысы, шығармашылығының бастауы мен рухани тірегі сынды.
Сахнада өткен 25 жыл – тек бір белес қана. Алда жаңа әндер, биік асулар, үлкен жетістіктер күтіп тұр. Арайлым Мырзабекова – Ойылдың мақтанышы, ұлттық өнердің жаршысы, елдің еркесі.
Оның өнері – туған жердің үні, халқына деген махаббатының айқын көрінісі. Әнмен жүрек тербеп, тыңдарманын қуаныш пен сезімге бөлейтін әншіге алдағы шығармашылық жолында толағай табыстар тілейміз!

Related Articles

Back to top button