ӘлеуметМәдениетРухани жаңғыруСұхбатЭкономика

«ОЙЫЛ – АРХИВТЕГІ ТАРИХ»

Белгілі өлкетанушы жерлесіміз Нұрлан Жұмағалиев жолдасы Олег Ярошенко екеуі жуырда осындай кітапты баспадан шығарды. Екі томнан тұратын калың қатпарлы кітапта Ойылдың бірнеше ғасырлық тарихы қамтылған.

Архивтік құжаттармен дәлелденген деректердің ішінде бұрын бізге беймәлім мәліметтер көп. Жуырда белгілі баспагер жерлесіміз Нұрлан Нұрымжанұлы Ақтөбе қаласында екі томдық кітаптың тұсаукесерін өткізді.
Негізінен Ақтөбеде тұратын жерлестеріміздің қатысуымен өткен шарада алдымен автор деректерді жинақтау барысы туралы баяндаса, тарих ғылымдарының докторлары Гүлбану Ізбасарова мен Ұзақбай Исмағұловтар кітаптың екі томына жеке-жеке шолу жасап, кейбір бөлімдеріне ерекше тоқталды. Өйткені, мұнда талай тарихшының ғылыми еңбегіне арқау болар деректер мен бұрын еш жерде жарияланбаған тың құжаттар бар.
Мәселен, Қобда мен Орынбордың архивінде айлап отырып жиған деректер осы кітаптардағы арнаулы зерттеуге арқау болса керек. Өйткені, әр кітапта 3 мыңнан астам құжат бар.
Қазірге дейін сүйеніп келген деректерге кереғар кейбір құжаттар өңірдің тарихының тым тереңде екенін көрсетеді.
Ал, кітаптың тұсауын автор мен Ойыл үшін аяулы ана Қаракөз Қосаева екеуі кесті. Бірнеше кітапты жерлесіміз Ақтөбе облыстық және Қобда аудандық архивтеріне сыйға тартты. Салтанатты сәттен соң сөз алған жерлестеріміз өлкенің тарихын зерттеушінің өлшеусіз еңбегіне тоқталса, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев аудан әкімінің алғыс хаты мен арнаулы естелік сыйлығын табыстады.

 

Басқа жаңалықтар