АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР АЙМАҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРАДЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында бірталай мәселе көтерілді.
Мәселен ел Президенті «Алдағы төрт жыл ішінде елімізде жыл сайын 200-ге жуық инвестициялық жоба іске қосылып отырады. Осы арқылы біз мемлекеттің жаңа индустриялық қалыбын жасап, көлік-транзит әлеуетін нығайта түсеміз. Біздің мемлекетімізге ірі инфрақұрылымдық жобалар өте қажет. Ауқымды жобалар аймақтардың экономикалық мүмкіндігін арттырады. Мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Жалпы айтқанда, ірі жобаларды жүзеге асыру – еліміздің осы аймақтағы көшбасшылық рөлін арттыратын бірден-бір жол»
Аталған мәселелерге қолдау көрсетіп тапсырмалардың жүктелгені құптарлық іс деп санаймын.
Бақтыгереев Болат
Ойыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы