Экономика

Сапалы білім беру — жарқын болашақ кепілі

Соңғы алты жылда еліміз мектепке дейінгі білім беру саласында бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Атап айтсақ, республика бойынша 1 367 балабақша ашылып, кезекте тұрған балалардың саны 5 есеге қысқарды.

Бұл, Ақтөбе облысында да айқын байқалады, мұнда соңғы алты жыл ішінде 15 379 орындық 175 жаңа мектепке дейінгі ұйым іске қосылып, балалардың мектепке дейінгі білім алуына деген қол жетімділікті едәуір арттырды.

Жаңа балабақшалардың іске қосылуы балаларға сапалы білім мен тәрбие берудің негізін қалауға зор мүмкіндік туғызды. 0-6 жас аралығындағы балалардың балабақшаға кезекте тұруы 30%-ға азайып, ата-аналардың алаңдары біршама тынышталды. Мұның өзі балалардың әлеуметтік, психологиялық, және танымдық дамуына оң ықпал етіп, оларды мектепке де сенімді түрде дайындауға жағдай жасайды.

Білім беру саласындағы прогресс, жаңа мектептер мен балабақшалардың ашылуы тек қана бүгінгі күннің емес, ертеңгі күннің де табыс көзі десек болады. Еліміздегі білім сапасын арттыруда қадам жасауды жалғастыра отырып, балаларымыздың болашағының жарқын болу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ете бермекпіз.

Күлпаршын Айдарханова,

облыстық мәслихат депутаты

Related Articles

Back to top button