Заң мен ТәртіпСұхбатЭкономика

ПРОКУРОР ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЛҒА БАРЫП ТЫҢДАДЫ

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ойыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ойыл ауданының прокуроры Ақеділ Үсенов Көптоғай ауылының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ойыл аудандық филиалының директоры Жасұлан Ержанов пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ойыл аудандық кеңесінің төрағасы Серікбай Қойбағаровтар қатысты.
Кездесу барысында алдымен аудан прокуроры Ақеділ Қайсарұлы ауыл тұрғындарының әлеуметтік тұрмысын арттыру бағытындағы қабылданған заңдар мен мемлекеттік бағдарламалардың игілігі туралы сөз етсе, тұрғындар негізінен ауылдың ортақ мәселесі – такси қызметі мен мал азығының бағасы туралы көптің көкейіндегі жайттарға тоқталды. Дархан Тнеев қарт ата-анасының құлағалы тұрған баспанасының жайы мен сол екі адамды бағып отырған өзіне тұрақты жұмыс қажеттігін алға тартты. Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерге орай Көптоғай ауылдық округінің әкімі Ерлан Асылбаев жауап берсе, кейбір сұрақтарға орай сөз алған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ойыл аудандық филиалының директоры Жасұлан Ержанов «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша осы ауылдық округтегі несие алып, шаруасын жүргізген кәсіпкерлердің жұмыстарының жемісіне тоқталды.
Кездесу соңында аудан прокуроры тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Related Articles

Back to top button