ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ

Ұлттық құрылтайдың V-отырысының өтуі – ел дамуы үшін маңызды әрі уақытылы қадам. Бұл отырыс қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылап, мемлекет пен халық арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған нақты алаң екенін тағы бір мәрте көрсетті. Құрылтай аясында көтерілген бастамалар мен ұсыныстар елдің ұзақмерзімді дамуына, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді күшейтуге қызмет етеді деп сенеміз.
Бесінші отырыс ұлттық мүдде, әлеуметтік жауапкершілік және болашаққа бағытталған шешімдер төңірегінде мазмұнды ойлар айтылған маңызды кезең болды. Мұндай жиындар азаматтық белсенділікті арттырып, ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Ұлттық құрылтайдың жұмысына қолдау білдіре отырып, оның нәтижелері нақты іске асатынына үміт артамыз.
Мухамбетказиева Малика
Ойыл аудандық кітапханалар жүйесіне қарасты Саралжын ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы



