Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы ел болашағына қатысты маңызды мәселелерді қамтыған мазмұнды жиын болды деп ойлаймын.

Құрылтай барысында қоғамдағы өзекті тақырыптардың ашық талқылануы халықтың пікіріне құлақ асудың нақты көрінісі болды. Ұлттық құндылықтарды сақтау, тілдің мәртебесін арттыру, тәрбие мен мәдениет мәселелеріне ерекше назар аударылғаны көңіл қуантты.
Маған әсіресе тарихи сабақтастықты сақтай отырып, заман талабына сай даму қажеттігі туралы айтылған ойлар әсер етті. Бұл – елді біріктіретін, ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды бағыт. Осындай құрылтайлар арқылы қоғам мен мемлекет арасындағы байланыс нығая түседі деп сенемін.
Жалпы, Ұлттық құрылтайдың V отырысында көтерілген мәселелер ел дамуына оң ықпал етіп, нақты істерге ұласса, мұндай басқосулардың маңызы арта түсері анық.
Махмет Гүлсезім
Ойыл аудандық кітапханалар жүйесіне қарасты
Сапақкөл ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы



