ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТАДЫ

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі — нақты бағдарламалық құжат. Жаңа басқару институттарын енгізу, парламент рөлін қайта қарау, қоғаммен диалогты күшейту — біртұтас логиканың элементтері: күрделі және жылдам өзгеретін әлемде тұрақты дамуды қамтамасыз ету — маңызды міндет.
2026 жылғы Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар қоғамның сұранысына сай, ел болашағына бағытталған деп ойлаймын. Мемлекеттік институттардың рөлін күшейту, халықтың басқару процесіне қатысуын арттыру, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып жаңғыру – бүгінгі күннің басты міндеттері. Осы тұрғыдан алғанда, Ұлттық құрылтай ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды диалог алаңына айналып отыр.
Қорыта айтқанда, Ұлттық құрылтай 2026 – ел бірлігін нығайтуға, қоғамдық сананы жаңғыртуға және мемлекеттің болашақ дамуына берік негіз қалауға бағытталған маңызды саяси оқиға. Бұл бастамалардың нақты нәтижесін алдағы уақытта көретінімізге сенемін.
Жаңгүл Ізғарина
Ойыл аудандық мәслихат депутаты



