ӘкімдікСұхбатЭкономика

МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ — МЕРЕЙЛІ МЕЗЕТ

Өткен аптада дүниежүзілік почта күніне орай аудан әкімі Асқар Қазыбаев «Қазпошта» АҚ-ы Ойыл аудандық филиалының ұжымын қабылдады.

Пошта қызметі түйткілі көп сала. Соған қарамастан халыққа жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы беріп, басылымдарды таратып, түрлі төлемдерді қабылдап, аудан халқына қаржылық қызмет көрсетіп отырған іргелі ұжымның өз жұмыстарын қандайда қиындыққа қарамастан үздіксіз атқарып келе жатқан қызметтеріне ерекше тоқталған аудан әкімі бірқатар қызметкерге алғыс хатын ұсынып, мерекелік сыйлығын табыстады.
«Қазпошта» АҚ-ы Ойыл аудандық филиалының директоры Рая Оралбаева атаулы күнде назардан тыс қалдырмай, уақыт бөліп, арнайы қабылдау өткізген аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

Басқа жаңалықтар