Экономика

ҚҰРЫЛТАЙ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН БАТЫЛ ҚАДАМДАРҒА БАСТАЙТЫН ЖИЫН

Ұлттық құрылтайдың алғашқы жұмыс күнінде төрт бағыт бойынша маңызды мәселелер көтеріліп, секция отырыстарында жаңа бастамалар айтылды. Алты Алаштың басын қосқан Қызылордадағы алқалы жиынға 100-ден аса құрылтай мүшесі келді. Әр өңірден жиналған өкілдер елдің аманатын жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқы таразысына салды.

Әдеттегідей, Құрылтайда айтылған әрбір ұсыныс-пікір хатталып, шешу жолдары қаралады. Өйткені бұған өткен Құрылтайда көтерілген мәселелердің нәтижесі айқын дәлел. Мәселен, Бурабайда өткен Құрылтайда көтерілген мәселелер бойынша Парламентте 6 заң қабылданып, 10 заң жобасы бойынша талқылау жүргізілуде, 70-ке жуық іс-жоспар жасалды. Одан кейін ең бастысы ішкі саясат қағидаттары жөніндегі, өңірлерді дамыту жөніндегі концептуалды құжаттар қабылданды. Жалпы бұдан бұрын өткен төрт Құрылтайдың қорытындысы бойынша барлығы 26 заң қабылданды. Биылғы Құрылтай да өзгерістер мен батыл қадамдарға бастайтын жиын болмақ. Қазақ қоғамы Президент қатысуымен Қызылордада өткен пленарлық отырыста мемлекет дамуына серпін беретін реформалардың жалғасын ризашылықпен қолдауда.

Айсұлу Мамбетова
Қоғам белсендісі

Related Articles

Back to top button