Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімнің артады

Конституциялық реформалар адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды саяси жүйенің негізгі басымдығы ретінде бекітті. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру тұрғысынан азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін дамыту маңызды міндетке айналды. Бұл құқық үстемдігі қағидатын жүзеге асыру арқылы мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Жаңа Конституция халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған нормаларды қамтиды. Демократиялық рәсімдердің, қоғамдық бақылаудың және азаматтық қоғам институттарының дамуы саяси жүйенің легитимділігін күшейтеді. Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімнің артуы саяси тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады.
Ойылханова Венера
Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімі маманы



