Экономика

Жаңа Конституция білім беру жүйесінің зайырлы және бейтарап сипатын нақты бекітеді

Мектептер мен университеттер діни ықпалдан толық тәуелсіз болып, білім беру үдерісі ғылыми, гуманистік және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделеді. Бұл қағидат әрбір баланың дүниетанымына, сеніміне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан, тең жағдайда сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Білім беру жүйесінің діннен бөлінуі — қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың маңызды кепілі. Оқу орындары қандай да бір діни көзқарасты насихаттамай, керісінше, оқушылар мен студенттердің сыни ойлауын, еркін пікір білдіруін және жеке қабілеттерін дамытуға бағытталады. Мұндай ортада әр бала өзін қауіпсіз сезініп, өз мүмкіндігіне сай дамуға жол табады.

Конституцияда белгіленген бұл ұстаным білімді елдің ортақ қазынасы ретінде қарастыруға негіз болады. Зайырлы білім беру арқылы мемлекет теңдік, әділдік және қолжетімділік қағидаттарын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде мектеп пен университеттер тек білім беретін мекеме ғана емес, саналы, жауапты және толерантты азаматтарды тәрбиелейтін қоғамдық ортаға айналады.

Осылайша, білім беру жүйесінің бейтараптығы мен тәуелсіздігі — болашақ ұрпақтың еркін ойлайтын, өз жолын саналы түрде таңдай алатын азамат болып қалыптасуына берік негіз қалайды.
Бақтыгереев Болат
Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Related Articles

Back to top button