Конституциялық құқықтар мен бостандықтар – әр азаматтың басты кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, еркін дамуына және қоғам өміріне белсенді араласуына қажетті құқықтар мен бостандықтарға кепілдік береді. Ата Заңда адамның жеке басына қол сұғылмаушылығы, сөз және шығармашылық еркіндігі, еңбек ету, білім алу, денсаулығын сақтау, жеке меншікке ие болу құқықтары нақты айқындалған.
Әр адамның заң алдында тең болуы – конституциялық құрылыстың негізгі қағидаттарының бірі. Бұл норма азаматтардың әлеуметтік жағдайына, қызметіне немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, олардың құқықтары бірдей қорғалуы тиіс екенін білдіреді.
Сонымен қатар Конституция азаматтарға тек құқық беріп қана қоймай, белгілі бір міндеттер жүктейді. Заңдарды сақтау, салық төлеу, табиғатты қорғау, тарихи және мәдени мұраны құрметтеу – қоғам алдындағы ортақ жауапкершіліктің маңызды бөлігі.
Бүгінде құқықтық сауаттылықтың маңызы артып келеді. Өз құқығын білетін, заң талаптарын сақтайтын және өзгенің бостандығын құрметтейтін азамат қоғамның дамуына оң ықпал етеді. Сондықтан Конституция қағидаттарын білу мен сақтау әрбір қазақстандық үшін маңызды міндет болып қала береді.
Жумин Нұрсұлтан
Жастар ресурстық орталығының басшысы



