Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды
Бүгін жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасында Мемлекет басшысын кезекті сайлау тәртібі мен дауыс беру қорытындысын шығарудың талаптары айқындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ

«Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды», делінген Ата заңда.
Естеріңізге сала кетейік, Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Президент болып сайлана алмайды.
«Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын, жоғары білімі бар және мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымда кемінде бес жыл жұмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алмайды», делінген Конституцияда.
«Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астам дауысын алған кандидат сайланды деп саналады. Кандидаттардың ешқайсысы елу пайыздан астам дауыс ала алмаса, ең көп дауыс санын алған екі кандидат қайта дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс санын алған кандидат сайланды деп саналады», делінген Ата заңда.
Сондай-ақ құжатта Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл болатыны жазылған.



