Референдум
Мен Қазақстан Республикасының Ата Заңының жобасын қолдаймын

Мен Қазақстан Республикасының Ата Заңының жобасын толық қолдаймын. Себебі Конституция – елдің ең басты құжаты, мемлекетіміздің негізін қалайтын, халқымыздың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын маңызды заң. Әрбір тәуелсіз ел үшін Ата Заң – тұрақтылықтың, бірліктің және әділеттіліктің кепілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз етеді. Онда адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде белгіленген. Бұл – әрбір азаматтың заң алдында тең екендігін және мемлекет тарапынан қорғалатынын білдіреді.
Тәттіғали Мейрамгүл Дәрібайқызы — Ойыл кәсіптік колледжінің оқытушысы


