Референдум

Ата Заң жобасын қолдау – тұрақты даму мен әділетті қоғам кепілі

Ата Заң – мемлекеттің құқықтық тірегі, ел дамуының стратегиялық бағдары. Ол билік пен халық арасындағы өзара жауапкершілікті айқындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік негізін қалайды. Сондықтан Ата Заң жобасын қолдау – тұрақтылықты сақтау ғана емес, әділетті қоғам құру жолындағы маңызды таңдау.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өзінің құқықтық мемлекет ретіндегі бағыт-бағдарын айқындап, демократиялық қағидаттарды орнықтыруға күш салды. Осы үдерісте Қазақстан Республикасының Конституциясы ел дамуының негізгі темірқазығына айналды. Ол мемлекеттік басқару жүйесін айқындап, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етті.
Шабай Әділет
Белсенді жас

Related Articles

Back to top button