Ата Заң жобасын қолдау – тұрақтылық кепілі

Қай мемлекет үшін де Ата Заң – елдің саяси, құқықтық және қоғамдық дамуының берік негізі. Ата Заң жобасын қолдау ең алдымен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталады. Тұрақтылық – бұл тек тыныштық емес, ол елдің сенімді дамуы мен болашаққа деген нық қадамы.
Ата Заң қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін басты құжат болғандықтан, оның сапалы әрі заман талабына сай болуы аса маңызды. Заң жобасын қолдау арқылы азаматтар мемлекеттің дамуына белсенді қатысатынын көрсетеді. Бұл өз кезегінде билік пен халық арасындағы сенімді арттырады. Сенім бар жерде тұрақтылық та берік болады.
Сонымен қатар, құқықтық негіздің айқын болуы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етеді. Егер заң нормалары нақты әрі түсінікті болса, әр азамат өз құқығы мен міндетін біледі. Бұл түрлі даулар мен түсініспеушіліктердің алдын алып, қоғамдық келісімді нығайтады. Қоғамдық келісім – тұрақтылықтың басты тірегі.
Тәттіғали Мейрамгүл Дәрібайқызы — Ойыл кәсіптік колледжінің оқытушысы

