ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар Жаңа үйлердің кілттерін алды
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспаналы болды. Тағы 21 отбасы Ойыл ауданының Ойыл ауылында жаңа үй иелері атанды. Үйлер Eurasian Resources Group (ERG) құрылтайшы-акционерлері бөлген қаражатқа салынған. Жалпы, ERG компаниясы Ойыл ауданында Ойыл, Қаратал, Ақкемер, Кемер, Ақжар және Бестамақ ауылдарында 172 үйдің құрылысын қаржыландырды.
Ырғыз ауданында Ырғыз, Нұра және Мамыр ауылдарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 120 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қаражат Мұғалжар, Қобда, Темір, Ойыл және Ырғыз аудандарында, Ақтөбе қаласында тұрғын үйді сатып алуға және жөндеуге бағытталды.
Қоныс иелерінің қуанышына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, «ERG» компаниясының өкілі, Ақтөбе ферро қорытпа зауытының директоры Ержан Абдоллабеков пен мердігер компаниялардың өкілдері ортақтасты.
Салтанатты шарада тұрғын үй кілтімен қоса мердігер компаниялар атынан жаңа қоныс иелеріне тұрмыстық техникалар табысталды.
Ал аудан басшысы құттықтау сөзінде
«Бүгін біз су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған жаңа үйлерді табыстау мақсатында жиналып отырмыз.
Өздеріңіз білетіндей, осыған дейін аудан көлемінде қалпына келтіру жұмыстары аясында Саралжын ауылдық округінде үйлер пайдалануға берілген болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық жұмыстар мерзімінде орындалуда.
Тұрғын үйлер құрылысында жерлестеріміздің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сапаға ерекше назар аударылғанын атап өткім келеді» — деп жерлестеріне төзімділік пен шыдамдылық танытқаны үшін, сондай-ақ мердігер компанияларға сапалы нәтиже көрсеткені үшін алғысын жеткізді. Қаржыландыру «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоры арқылы жүзеге асырылуда.
Құрылыс қарқынды жүріп жатыр.
«ERG 30 жылдан бері елмен бірге дамып, жұмысын жүргізіп келеді. Біздің миссиямызда бізге сенім артқандардың өркендеуін қамтамасыз ету туралы жазылған. Сондықтан еуразиялықтар біздің кәсіпорындарымыз орналасқан туған өңірлеріміздің тұрғындары тап болған қиындықтан шетте қала алмады. Бүгін біз апаттан зардап шеккендердің жаңа тұрғын үй кілттерін алғанына қуаныштымыз», — деп атап өтті ERG компаниясының өкілі, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдоллабеков.
Айта кетерлігі, аудан бойынша 174 үй салынуда, 133 дайын үй сатып алынған.
Ал, қалған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айында аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Тұрғындарға жаңа үйлерін табыстау салтанатына аудан басшылығы, ERG өкілдері қатысып, халықтық «Ақ әже» ансамбілінің әжелері құттықтап, жаңа үй ішіне шашу шашты.
«Үйіміз жақсы ұнады, қуаныштымын. Бүгін, міне пәтеріміз пайдалануға беріліп жатыр. Барлық жағдай жасалған. Суы, тоғы,газы келіп тұр. Қиын қыстау кезде қол ұшын созған жанашыр жандарға, басшылыққа, ел тізгінін ұстағаназаматтарға үлкен рахметімізді айтамыз. Отбасымызға құтты қоныс болсын», — деп қуанышымен бөлісті Екпетал ауылының тұрғыны Ақерке Қитанова.
Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компания өкілдері өз кезегінде тұрғын үй иелеріне тұрмыстық техника табыс етті.
Өткен аптада Кемер ауылында 2 үй пайдалануға берілген болатын.