Референдум

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Ойыл аудандық коалициясы мүшелері Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар желісінің қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Ата заңның негізгі құндылықтары – заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру бағыттары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, рухани-мәдени сала қызметкерлері үшін маңызды саналатын сөз бостандығы, ақпаратқа қолжетімділік, мәдени мұраны сақтау және білім мен ғылымды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кітапхана – қоғамның зияткерлік орталығы. Сондықтан кітапхана қызметкерлерімен өткен бұл кездесу мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды. Қатысушылар жаңа Конституция жобасының ел дамуына ықпалы, ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттаудағы құқықтық негіздер туралы ой бөлісті.

Коалиция мүшелері алдағы республикалық референдумның маңызын атап өтіп, әр азаматты ел болашағына жауапкершілікпен қарап, саналы таңдау жасауға шақырды.

 

Related Articles

Back to top button