Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының басым тұстарын түсіндіріп жүр

Ойыл ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық референдумына дайындық аясында аудандық коалиция тарапынан жоспарлы түрде ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Желілік кестеге сәйкес 2026 жылғы 16 ақпанынан бастап аудан көлемінде түрлі форматта кездесулер, түсіндіру жұмыстары және акциялар ұйымдастырылуда.
Жалпы есеп бойынша осы кезеңде аудан аумағында шамамен:
45-тен астам кездесу мен дөңгелек үстел
15-тен астам ауыл тұрғындарымен кездесу
18 «Есіктен-есіке» акциясы
3 экспромт-кездесу
2 ашық диалог алаңы
өткізілді.
Жалпы алғанда 80-ге жуық үгіт-насихат іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шаралар барысында орташа қамту көрсеткіштері:
еңбек ұжымдарымен кездесулер – 20–60 адам,
ауыл тұрғындарымен кездесулер – 60–100 адам,
ірі кездесулер – 100–150 адам,
«Есіктен-есіке» акциялары – 140 адам.
Жалпы есеп бойынша үгіт-насихат жұмыстары барысында 3500–4000-ға жуық аудан тұрғыны қамтылды.
Әлеуметтік топтар бойынша қамту
Үгіт-насихат жұмыстары әртүрлі әлеуметтік топтарды қамтуға бағытталды:
ауыл тұрғындары – 40 %,
білім беру саласының қызметкерлері – 20 %,
кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы өкілдері – 10 %,
жастар мен студенттер – 10 %,
әлеуметтік сала қызметкерлері – 10 %,
ардагерлер, әлеуметтік осал топтар және басқа тұрғындар – 10 %.
Кездесулер аудан орталығы және 15-тен астам ауылдық елді мекенде өткізілді. Атап айтқанда,
Ақжар, Қараой, Құбасай, Қаратал, Қарасу, Қаракөл, Көптоғай, Амангелді, Сарбие, Сапаккөл, Кемер, Ақкемер, Шұбарши, Қонырат, Бестамақ және басқа ауылдар.
Желілік кестеге сәйкес ең тиімді формат – «Есіктен-есіке» акциясы болды. Бұл формат тұрғындармен жеке әңгімелесуге және жаңа Конституцияның мазмұнын жан-жақты түсіндіруге мүмкіндік берді.
Жалпы алғанда, Ойыл ауданында референдумға дайындық жұмыстары жүйелі және ауқымды деңгейде жүргізілуде.
Өткізілген кездесулер мен ақпараттық жұмыстар аудан тұрғындарының кең бөлігін қамтуға,
референдумның маңызы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға,
қоғамда ашық пікір алмасу алаңдарын қалыптастыруға ықпал етуде.
Алдағы уақытта аудандық коалиция жоспарға сәйкес халықпен кездесулерді жалғастырып, тұрғындардың саяси белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.



