ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

Құрметті грант алушылар!

Құрметті грант алушылар!
1 мамырдан бастап экологиялық проблемаларды өнер арқылы көрсетуге арналған мектеп оқушыларының республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды.
Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, оның ішінде ауылдық және шалғай жерлерден 8, 9 және 10 сынып оқушылары қатыса алады. Белсенді, креативті және экологиялық мәселелерге барынша қызығушылық танытқан жасөспірімдер 6 санат бойынша бақ сынайды:
Beınele – бейнелеу өнері (фото, кескіндеме);
Árle – перфоманс (мүсін және инсталляция);
Qara – видеомейкинг (фильмдер, роликтер);
Sezin – арт перфоманс (театр, көше перфоманстары, флешмобтар);
Sóıle – музыка және поэзия (әндер, өлеңдер);
Órnekte – сәндік-қолданбалы өнер (тоқыма, керамика бұйымдары).
Үздік жұмыстар 2024 жылғы 1 және 2 маусымда Астанада өтетін «Aiala» арт-экофестиваліне қойылады.
Өтінімдерді қабылдау 17 мамырға дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға өтінімді http://aiala-fest.kz сайты арқылы жібере аласыз.

Басқа жаңалықтар